Жеңістің 80 жылдығына арнап ағаш отырғызылды

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Алматы өңірлік гарнизонына жұмыс сапары аясында көшет отырғызу науқанын бастап берді, деп хабарлайды 24KZ. Көгалдандыру акциясы Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 80 жылдық мерейтойына арналды.

Отырғызылған көшеттердің бір бөлігі Армия үйі, Даңқ мемориалы және 28-ші гвардияшы-панфиловшылар саябағын қамтиды. Науқанға Парламент депутаттары, Бас әскери прокурор Дастан Секенов және десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы Алмаз Жұмакеев пен Алматы қаласы әскери-тарихи мұражайының басшысы, ардагерлер ұйымдарының өкілдері және «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері қатысты.

Руслан Жангулин, ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:

- Жалпы 80 жылдыққа орай Алматы қаласында 80 көшет отырғызылып жатыр және де бір айта кетерлігі, осы жеңістің 80 жылдығы аясында Қарулы Күштердің әрбір әскери бөлімі орналасқан гарнизонда осыншама көлемдегі көшет отырғызылады. Бұл бастаманы біз, біріншіден, ұлы ерлікке деген тағзым ретінде, екіншіден, ата-бабалардың, жалпы соғыс ардагерлерінің құрметіне арнап отырмыз.