Алматыда жауынгерлік техника мұражайы ашылады
Жеңістің 80 жылдығына орай Алматыда ашық аспан астында жаңа мұражай ашылады. Онда жауынгерлік техникалар қойылады, деп хабарлайды 24kz.
Армия үйінің аумағында орналасатын мұражай 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы мемориалдық кешеннің бір бөлігіне айналады.
Кеңес Одағының батыры генерал-майор Иван Панфиловтың немересі Алуа Байқадамова басқаратын Ұлттық әскери-патриоттық орталық пен Жауынгерлік даңқ мұражайының филиалы орналасқан Армия үйінде де қайта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Ғимараттың концерттік және мәрмәр залдары, сондай-ақ Жауынгерлік даңқ мұражайы күрделі жөндеуден өтеді. Онда офицерлер клубы мен балаларға арналған әскери-патриоттық фильмдер түсіретін кинопавильон ашылады.
Руслан Жангулин, ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:
- Армия үйінің аумағына біз аспан астындағы музей ашуды жоспарлап отырмыз. Оның аумағында 1940 жылдары соғысқа қатысқан техникалар осы жерге орналастырып жатыр. Қазіргі уақытта біз көгалдандыру жүргізіп жатырмыз. Жалпы бұл Армия үйінің қаланың, қала қонақтарының осында келіп тынығып келіп, саяхаттау орнына айналдырып отырмыз.