Балаларды мектепке тіркеу күні eGov.kz порталы істен шықты

Egov.kz порталы техникалық ақауларға байланысты уақытша істен шықты, деп хабарлайды 24kz.

Басты себептің бірі – сайтқа түсетін жүктеменің көптігі. 1 сәуірден бастап балаларды мектепке тіркеу бойынша электронды өтініштер қабылдау басталады. Сайт әкімшілігі келтірілген техникалық ақауға байланысты кешірім сұрап, олқылықтың сағат 15:00-ге дейін жойылатынын жеткізді. Жалпы eGov.kz порталы алдағы уақытта жаңғыртылады. Өйткені жүктеме көп, жаңа функциялар аз. Осыған байланысты сала министрі Жаслан Мәдиев eGov-қа талдау жүргізілетінін мәлімдеген.