LRT қызметкерлері алғашқы оқыту модулін аяқтады

LRT-ның 29 қызметкері алғашқы оқыту модулін тәмамдады.

Олар бағдарламаға қатысқан 140 үміткер арасынан іріктеліп шыққан. 15-і Астана тұрғыны болса, қалғаны өзге өңірлерден. Білім алушылардың орташа жасы 33-те. Алғашқы кезеңде теориялық білім берілсе, енді тапсырма күрделеніп жатыр. Бұдан соң Қытайға барып, тәжірибеден өтпек. Сабақтарды Тяньцзинь метрополитені мен Чжэнчжоу теміржол кәсіптік-техникалық университетінің сарапшылары жүргізеді. Қалалық теміржол көлігінің негіздері, оның жүйелерінің құрамдас бөлігі мен төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету тәсілдері үйретіледі.