Елде 8,8 мың шақырым тасжол жаңғыртылады

Биыл 8,8 мың шақырым тас жол жаңғыртылады. Оның 2,2 мың шақырымы салынып, реконструкцияланады.

460 километрі күрделі, 6,6 мың километрі орташа жөндеуден өтеді. Ол үшін жол жабындыларына қажетті құрылыс материалдарының қоры құрылды. Меже орындалса барыс-келіс сапасы жақсарады. Сондай-ақ ҚазАвтоЖол компаниясы 21 мың шақырым болатын республикалық маңызы бар тасжолды күтіп ұстайды.