ШҚО-да мұз бетінде балық аулаған алты адам жауапкершілікке тартылды
Шығыс Қазақстанда көктем шығып,күн жылына бастаса да, әуесқой балықшылар мұз үстіне шығуды доғарар емес, деп хабарлайды 24kz.
Сондықтан құтқарушылар рейд шараларын жиілетті. Бұл жолы түнделетіп балық аулайтын «жанкештілер» назарға алынды. Өйткені олар жұқарған мұз бетіне шыққаны былай тұрсын, оның үстіне от жағып жылынады. Шатыр құрып, түнейтіндері де бар. Бұқтырманың бойын аралап шыққан рейд мүшелері бірнеше балықшыға кезігіп, ескерту жасады. Былтыр ескертуді елемеген екі адам суға батып, қаза тапты.
Алмас Байжүменов, ШҚО ТЖД басқармасының аға офицері:
- Мұз үстінде от жағу, мұз үстіне шығар кезде құтқару кеудешесін алмай, қолдарына құтқару щильцін алмай қолдарына, Александрово деген құтқару көмекшілерін алмай шығып жатқанын байқаймыз, сол себепті қазіргі таңда біздің қызметкерлермен 23 алты адам құқықбұзушылық, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.