Арқалықта жаңа әуежай салынады

Қостанай облысында Орталық – Батыс автожолын салу бойынша жобалық құжаттама әзірлеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды 24kz.

Бұл күрежол 70 мың адам тұратын 13 елді мекенді қамтитын болады. Жаңа бағыт Ақмола, Қостанай және Ақтөбе облыстарының шалғай аудандарындағы жол мәселесін шешеді. Бұндағы қозғалыс қарқындылығы тәулігіне 3000 автокөлікті құрайды.

Тағы айта кету керек, өңірде Арқалық әуежайы да қалпына келтірілетін болады. Бұл жұмыс аясында жалпы ауданы 3200 шаршы метр болатын екі қабатты жаңа әуежай кешенін салу көзделіп отыр. Ол сағатына 70 жолаушыға қызмет көрсетуге қабілетті болмақ. Тағы ұзындығы 2,5 мың метр ұшу-қону жолағы мен перрон жөндеуден өтеді. Бұл жұмыстардың жоспарымен бүгін көлік министрі Марат Қарабаев танысып қайтты.