Бүгін – Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні
Біздің елде өкінішке қарай бұл дертке 12 мыңнан астам бала шалдыққан, деп хабарлайды 24kz.
Мамандар олардың қатары жылда 10%-ке артып отыратынын айтады. Сондықтан денсаулығында осындай күрделі кінәраты бар бүлдіршіндердің мәселесіне қоғам назарын аудару өзекті. Осыған орай Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығында арнайы іс-шара өтті. Былтыр кешенде 250 балаға аутизм диагнозы қойылған. Балдырғандардың жас шамасы әртүрлі. Оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін концерттік бағдарлама әзірленіп, ойындар ұйымдастырылды. Жеткіншектердің кейбірі өлең оқып, арнайы плакатқа алақан іздерін салды. Бұл көк түсті алақан – аутизмі бар жандарды қолдаудың халықаралық белгісі.
Аида Темірғазиева, ата-ана:
- Психиатр, иглотерапия, ЛФК, игротерапия көмек беріп жатыр. Бәрі жақсы өте ұнайды. Бірінші рет келіп жатырмыз. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласынан екі баламен. 3 жасынан бастап аутизм болуы мүмкін деп. Нақты диагнозын білу үшін. Тағы да басқа қалаларда болса деп тілеймін осындай орталықтар.
Айназ Қазбекова, Ұлттық балаларды оңалту орталығының психологы:
- Ата-аналарға үндеу жасап жатырмыз: педагогикалық коррекциялық жұмыстарды қолға алуын сұрап жатырмыз.
Республикалық орталық болғанан кейін барлық көмекті аутизмі бар балаларға жасап жатыр. 1 сәуір мен 7 сәуір аралығында ата-аналарға үлкен көмек ретінде біз қазір науқан жүргізіп жатырмыз. Әр келген ата-анаға тегін аутизм болсын, басқа да диагноз қойылған балаларға тегін консультация беріп жатырмыз.