Перизат Қайраттың ісі бойынша тергеу аяқталды

Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді.

Айтуынша, қазір іс материалдарымен танысу кезеңі жүріп жатыр. Келтірілген залал мөлшері - 3,5 млрд теңге. Ал Перизаттың анасы үй қамауында отыр. Ол қызының алаяқтық әрекетіне көмектесті деген күдікке іліккен. Енді ол да сот алдында жауап береді.

Жеңіс Елемесов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары:

- Одан бөлек сотталушының шешесі бар. Екеуіде күдікті. Екеуінде сотқа жіберіп жатырмыз. Алаяқтық бабымен одан бөлек қылмыстық жолмен тапқан қаржыны жылыстату бойынша бабымен қылмыстық жауапкершгілікке тартып жатырмыз. Қызына көмектесіп, шоттан ақшаны өз шотына шешіп алып, үй алған, машина алған. Гүл сататын дүкен ашуға көмек берген.