Геологтар күніне орай сала мамандары марапатталды
Сәуірдің алғашқы жексенбісі геологтар күні.
Кәсіби мерекеге орай Өнеркәсіп және құрылыс министрі еңбек өтілі ширек ғасырдан асқан 30-ға жуық сала маманын марапаттады. Оларға үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» және «Құрмет» ордендері, «Ерен еңбегі үшін», сондай-ақ «Қазақстанның еңбек сіңірген геологы» медальдары табысталды. Отандық геология саласының тамыры тереңде, бүгінде ол қарқынды даму үстінде. Елдегі қатты пайдалы қазбалардың мыңға тарта кен орны мемлекеттік есепке алынған. Биыл барланған жер қойнауының ауданы 2 миллион шаршы шақырымға жетіп отыр.
Рахат Көкеева, геолог:
- Қандай қиындық болса да, не нәрсені де төзе біліп, не нәрсені әрі қарай жалғастыру міндет деп өзім ойлаймын. Қаңтарда «Почетный геолог» марапатын алғанмын. Бірақ мынау енді одан да жоғарғы марапат. Енді шынымды айтсам, мен үшін үлкен марапат деп ойлаймын.
Қанат Ерубаев, ҚР ӨҚМ Геология комитеті төрағасының орынбасары:
- Қазіргі таңда 987 кен орны бар қатты пайдалы қазбалар бойынша. 987-сінде геологтар жұмыс істеп жатыр. Жылына бізде 2-3 кен орны ашылып жатыр. Енді өткен жылы істеп жатқан жұмысымыздың нәтижесі үлкен кен орны ашылды. Аты Құйрықтыкөл.