Шымкентте бірыңғай туристік карта іске қосылды
Шымкент қаласында туристерге арналған бірыңғай смарт карта жүйесі әзірленді, деп хабарлайды 24KZ. Енді шаһар қонақтары тарихи-мәдени кешендерге, ойын-сауық орталықтарына, музейлер мен қоғамдық тамақтану орындарына жеңілдікпен бара алады.
Карта туристерге қаладағы негізгі бағыттарды ұсыну арқылы уақытты тиімді өткізуге жағдай жасайды. Сонымен қатар қолжетімді баға мен сапалы қызмет көрсетуге сеп болады. Бұл ішкі туризмді дамытуға арналған маңызды қадамдардың бірі. Визит орталығының мәліметінше, 2024 жылы Шымкентке 500 мыңға жуық турист келген. Олардың ішінде 30 мыңнан астамы шет елдерден экологиялық, гастрономиялық және мәдени бағыттағы турларға қызығушылық танытып келгендер.
Ерлан Омаров, қалалық визит орталығының директоры:
- Туристерді тарту немесе туристерге қолайлы жағдай жасау басым бағытта. Біз әртүрлі тәсілдерді қолданамыз. Әлемдік үрдіс. Сол сияқты бұлда да уақытын үнемдейді негізгі нысандарды қойғаннан соң әрі қаражатын да үнемдейді.