Екінші дүниежүзілік соғыста жоғалған жауынгерлердің сүйегі табылды
Екінші дүниежүзілік соғыста із-түзсіз жоғалған ардагерлердің зираты табылды, деп хабарлайды 24KZ. Жыл басынан бері 45 шейіттің сүйегі атамекенге жеткізілді. Марқұмдардың мүрдесі Германия, Латвия, Литва секілді мемлекеттердегі майдан алаңдарынан табылған.
«Мемориалдық аймақ» жасағы іздестіру жұмыстарын әрі қарай жалғастыра береді. Бүгін батырлардың рухына тағзым етіліп, олардың ұрпақтары арнайы медальмен марапатталды. Бас-аяғы 20 жан «Ерлігі мен адалдығы үшін» төсбелгісімен наградталды.
Асхат Налшыбек, «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ АҚФ төрағасы:
- ҰОС жылдары Қазақстан аймағынан 1 млн 200 мыңға жуық қазақстандық жауынгерлер аттанған. Оның ішінде 250-300 мыңға жуық жауынгер із-түзсіз жоғалған болатын. Бауыржан Момышұлы атамыздың керемет сөзі бар. «Ешкім іштен батыр болып тумайды. Батырлық өскен ортадан, көрген тәрбиеден қалыптасады». Сол себепті жас ұрпақтарымыз да бүгінгі шараға қатысуы маңызды рөл атқарады.