Азық-түлік бағасын негізсіз өсіргендерге айыппұл салынады
Қазақстанда жаңа айыппұл күшіне енді, деп хабарлайды 24kz.
Өзгеріс кәсіпкерлерге қатысты. Ендігі жерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының үстемесі 15%-тен асса, кәсіп иесіне бұрынғыдай ескерту берілмейді. Бірден айыппұл арқалайды. 13 наурыздан бастап енгізілген өзгерістерге сәйкес, алғашқы құқықбұзушылық үшін де жауапкершілік қатаңдатылып отыр.
Бұл жерде жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес үшін 5 АЕК, орта бизнес үшін 35 АЕК, ірі сауда желілері үшін 150 АЕК. Ережені ескермеу бір жыл ішінде қайталанған жағдайда төлем мөлшері екі есеге артады. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, жаңашылдық елдегі баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.