Ақмоланың Бұланды ауданындағы су бөгеттері бақылауға алынды
Ақмола облысындағы Бұланды ауданының жай-күйі бақылауға алынды.
Аймақ әкімі Марат Ахметжанов бұл мекенге жұмыс сапарымен барып, су тасқыны жағдайымен танысты. Қазір мұндағы бөгеттер қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Өңір басшысы ауданға жақын орналасқан Байсуат ауылын су басып кетпес үшін айналма арнаны кеңейтуді тапсырды. Жалпы апатқа қарсы шараларға 85 адам жұмылдырылған.
Мұрат Балпан, облыс әкімінің орынбасары:
- Өңірде соңғы тәулік бойы жақсы ауа температурасы байқалады. Түннен бері жауын жауып тұр. Ивановкадағы көпір шыдамауы мүмкін. Сондықтан судың өтуі үшін жолдарды ашамыз деген шешім қабылдадық.