«Семей орманы» аумағындағы өрт сөндірілді
Абай облысының «Семей орманы» табиғи резерватының аумағындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды 24kz.
Бұған дейін Бесқарағай ауданының маңында құрғақ шөптен тұтанған өрт орманға шарпығаны туралы айтқан едік. Тілсіз жауды ауыздықтауға жедел штаб құрылды. Түні бойы қызыл жалынды сөндіру үшін Павлодар, Абай облысы мен Шығыс Қазақстанның құтқарушылары жұмылдырылды. Одан бөлек, «Семей орманы», «Ертіс орманы» резерватының мамандары мен жергілікті атқарушы органдар тартылды. Оқиға орнында 419 адам және 140 бірлік техника жұмыс істеді. Мамандардың айтуынша, қазір елді мекендерге қауіп жоқ.