Оралдықтар арқан тартудан рекорд орнатты

Оралдықтар жаппай арқан тартыстан рекорд орнатты.

 200 адам қатысқан ауқымды турнир Гинесстің рекордтар кітабына енді. Жарыс Оралдың орталық алаңында өтті. Ұйымдастырушылар 300 метрлік арқанға алдын ала тапсырыс берген. Жарысқа қала тұрғындары, жастар мен қоғам белсенділері қатысты. Жүз адамнан тұратын екі команда өзара күш сынасып, отандық рекордтар кітабына енді.

Қуандық Құдайбергенов, отандық рекордтар кітабының ресми өкілі:

- Бізде ереже болған, арқаның ұзындығы 300 метр болуы керек және қатынасып отырған тұрғындар 200-ден төмен болмауы керек. Үшінші талабымыз арқан жібі жыртылмау керек, үзілмеу керек. Осы ережелердің бәрі орындалды.