Аймақтарды газдандыру ісі жалғаса береді
Өткен жылу маусымында көгілдір отынды бір тәулікте тұтыну көрсеткіші 5%-ке өскен, деп хабарлайды 24kz.
Елде жылу электр орталықтарын газға бейімдеу ісі қарқынды жүріп жатыр. Оның үстіне аймақтарды газдандыру жалғаса береді. Дегенмен, отынды игеру және инфрақұрылымды дамыту жағы ақсап тұр. Оны тек инвестициямен реттеуге болады. «Әйтпесе, дефицит орнауы мүмкін», - дейді сала мамандары. Бұл үшін тариф саясатын көгілдір отынның нақты құнына, яғни, өндіріс шығындарына қарай белгілеу қажет. Онсыз инвесторларды ынталандыру қиын. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, мұндай мәселе көптеген елде газ құнын нарықта реттеу арқылы шешілген. Ал жеке инвесторлар саланың тұрақты түрде дамуына мүмкіндік жасады.