Елде тасқынның алдын алу жұмыстары жалғасып жатыр
Елімізде су басу қаупін азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тасқынның алдын алу жұмыстары жалғасуда.
Бұл іс-шараларға азаматтық қорғаныс қызметтері атсалысып жатыр. Биыл наурыз айынан бері 2,9 млн астам текше метр су сорылып, 585 мыңнан астам қапшық және 44 мың тонна инертті материал төселді. Сонымен қатар 840 мың метрге жуық су бұру арықтарын тазарту жұмыстары жүргізілді. Апатты-құтқару іс-шараларына 1405 адам, 330 бірлік техника, 108 мотопомпа және 28 жүзу құралы жұмылдырылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрлігімен бірге Ішкі істер министрлігі, Ұлттық Ұлан, Қорғаныс министрлігі, жергілікті атқарушы органдар және басқа да ұйымдардың қызметкерлері қатысып жатыр.