«Цифрлық атқарушылық жазба» пилоттық жобасы іске қосылды

Бұдан былай борышкерлер «Мобильді үкімет» ақпараттық жүйесінде нотариустың жұмысына қатысты шағым қалдыра алады.

31 наурызда іске қосылған «Цифрлық атқарушылық жазба» жобасы осыған мүмкіндік беріп отыр. Пилоттық жоба азаматтардың құқықтарын қорғауға және нотариустардың атқарушылық жазбалар жасаған кезде белгіленген талаптарды сақтауға бағытталған. Осылайша бірқатар процедура автоматтандырылады. Өндіріп алудың ашықтығы мен заңдылығы сақталады. Жүйе нотариалдық әрекеттердің аумақтық байланысын ескере отырып реттелген.

Әсем Рақымжан, ҚР Әділет министрлігі комитетінің сарапшысы:

- Оның басты мақсаты ретінде азаматтардың құқықтық қорғауына бағытталған және де нотариалдық атқарушылық жазбаларды жасау кезінде нотариус қызметін цифрландыруға бағытталған. Оның жаңашылдықтары ретінде біз азаматтардың егер де біз нотариус жасаған атқарушылық жазбамен келіспеген жағдайда онлайн түрде қарсылық білдіру мүмкіншілігін айтамыз. Оны әлбетте 3w.enis.kz сайты арқылы және де әзірге ол 31 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады. Оның нәтижесі бойынша біз тиісті зерттеу жүргіземіз. Алдымызға қойған нәтижеге жете алдық па, жоқ па, соны зерттей келе белгілі бір мерзімге дейін ұзарту немесе заңға енгізу мәселелері қарастырылатын болады.