ҚХА – бірлік пен келісім үлгісі
Еліміздегі ұлтаралық татулыққа сүбелі үлес қосып жүрген бірден бір ұйым ол - Қазақстан халқы Ассамблеясы.
Ассамблеяның 30 жылдығы – бүкіл елдің ортақ жетістігі. Бейбітшілік, келісім және бірлік – Қазақстанның болашақ дамуының тұғырлы негізі болып қала береді. Ал ел ішіндегі тұрақтылықтың сақталуы – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Бұл ретте Президент бірлік пен ынтымақ басты құндылығымыз және мемлекеттік саясаттың бұлжымас бағдары болып қала беретінін айтқан еді. Осы тұста елорда тұрғындарынан Қазақстан Халқы Ассамблеясының миссиясы туралы сұрап білген едік. Сауалнамаға зер салайық.
БЛИЦ:
1. ҚХА жұмысымен таныссыз ба? - Иә таныспын. Ол халықтар арасындағы достық, бірлікті жақсарту және дамыту мақсатында жұмыс істейді.
2. Өзім мәдениет бөлімінде істеймін Қостанай облысында. Бізде жұмыста үнемі білініп тұрады. Ол бағдарламамен біз ай сайын жұмыс істеп жатырмыз. ҚХА жұмысы нәтижесін беріп жатыр.
3. Адамгершілік ең маңыздысы ғой. Әлемде болып жатқан түрлі жағдайларды көрсек, адамдар дос болу керек деп ойлаймын ең бастысы.
4. Ондай ұлтқа бөлу деген бізде жоқ. Қырғыз, қазақ, түркімен, бөлуді байқамаймын.