Алматы тау кластерін дамыту жобасы әзірленді

Былтыр елдің көрікті жерлеріне 25 млн-нан адам саяхаттаған, деп хабарлайды 24KZ. Оның 15 млн-ы – шетелдік. Бүгін Үкімет қабырғасында туризмді түлету мәселесі талқыланды. Саяхат саласын серпілту бағытында жоспар қандай?

Даниел Сержанұлы, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ» басқарма төрағасының орынбасары:

- Үкіміттің назарында тұрған негізгі 3 бағыт. «Бурабай» кешенді жоспары қабылданды, соның нәтижесінде 1,5 млн турист тарту жоспарланып отыр. Тек Бурабайға емес, соның маңындағы ауыл-аймақтарға дұрыс тарату болып табылады. Ал Алматы тау кластеріне келетін болсақ, негізгі бағыты – тау туризмін дамыту. Бір қызық статистика: тауға келетін тусритерін күніне 35 млн АҚШ долларын жұмсайды екен. Ал оны жағажай туризмімен салыстыратын болсақ, ол 50 доллар. Сондықтан бұл тиімді бағыт деп санаймыз. Соның нәтижесінде тусритер санын 6 млн жеткізу жоспарланып отыр.