БҚО-да 30 ақбөкеннің өлексесі табылды

Батыс Қазақстан облысында 30 ақбөкеннің өлексесі табылды, деп хабарлайды 24KZ. Соңғы жағдай Бөкейорда аумағында тіркелген.

Сайын дала сұлуларының ұшасы су қоймаларының бірінен шыққан. Қазіргі уақытта аталған ауданда орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары санитарлық іс-шараларды жүргізіп жатыр. Мамандар киіктердің жойылуын табиғи өлім деп бағалады. Себебі қауіп-қатер келтірілмегені анықталған. Дала жануарларының жаппай қырылуына жергілікті тұрғындар да алаңдаушылық білдірген.

Нұрлан Рахымжанов, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:

- Биылғы жылдан бастап 290 бас жойылды. Қазіргі киіктің саны төлімен бірге 2 млн, 300 бастай. Киіктердің 5-6 жыл мерзімі бар өмір сүреді. Сондықтан қазіргі біз табиғи өлім деп есептейміз.