Шымкентте алып сәби дүниеге келді

Нәрестенің салмағы 6 келі 700 грамм, ал бойы 62 сантиметр.

Бұл туралы қалалық №2 ауруханасының дәрігерлері хабарлады. 41 жастағы Кәмилә Айтбаеваның бұл алтыншы перзенті. Көпбалалы ана ұзақ уақыт толғақтан соң оны өзі босанған. «Қазір баланың да, ананың да жағдайы жақсы», - дейді дәрігерлер. Ата-анасы алып сәбиге Әмірхан деп есім беріп, үйіне шығарып алды. Жалпы осындай ауыр салмақта туған нәресте аймақтағы перинаталдық орталықтардың тарихында алғаш рет тіркелді. Биыл педиатр-дәрігерлердің көмегімен 6719 сәби дүниеге келген. Оның көбі ұл балалар.

Кәмилә Айтбаева, қала тұрғыны:

- 6 келі 700 болатын алып баланы дүниеге алып келдік. Үйдегі екі ұлым 5 келі 100 грамм болып туған. Есімін Әмірхан деп қойдық. Негізінде өзім Алпамыс деп қоятын ойым болған еді. Оған папамыз үйдегі ағаларына ұқсас болсын деп Әмірхан деп қойдық.