Алимент төлеуден жалтарған шымкенттіктердің қарызы ₸4 млрд асты
Алимент төлеуден жалтарған шымкенттіктердің қарызы 4 миллиард теңгеден асып жығылады, деп хабарлайды 24kz.
Осы күнге дейін 86 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, тағы 28 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған. Прокурорлардың айтуынша, баласын күтіп-бағуға қаражаты жоқ ер мен әйелдер еңбекпен қамту жәрмеңкелеріне қатыспайды. Сөйтіп, жұмысқа орналасудан бас тартады. Ахуалды реттеу үшін құзырлы орган мен әкімдік өкілдері бірлесіп алимент төлеудің әлеуметтік маңыздылығын түсіндіруге басымдық беріп отыр.
Қуандық Айтбайұлы, қалалық прокуратураның басқарма бастығы:
- Енді әртүрлі себептермен келмейді. Біреуіне жұмыс ұнамауы мүмкін. Енді біреуге критериі сәйкес келмеуі мүмкін. Біз оларға 2-3 рет жұмыс ұсындық және әкімшілік жауаптылыққа тарттық. Олар соған қарамай алимент берешегін төлемегендіктен қылмыстық істі тергеп, нәтижесінде сотқа жолданып жатыр. Алдағы уақытта бұл мәселе оң нәтижесін береді деп сенеміз.