Көкшетаулық сарапшылар Ұлттық құрылтайда көтерілген басым бағыттарды талқылады
Бурабайдағы Ұлттық құрылтайда көтерілген мәселелер сөз жүзінде қалмауы тиіс. Әр бағыт бойынша нақты жоспар құрып, оны жүзеге асыру маңызды.
Көкшетауда өткен жиында бір топ сарапшы осылай деді. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты бастамашы болған жиынға ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері мен құрылтай мүшелері қатысты. Сарапшылар қоғамдық бақылауды күшейтуге қатысты көптеген мәселе көтерді. Себебі қоғамдық бақылаудың механизмі жобалардың іс жүзінде қалай орындалатынын және бюджеттің қаншалықты тиімді жұмсалатынын түсінуге мүмкіндік береді.
Қабдуәли Құлышев, облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы:
- Ең көбі мынау білім саласында. Көп арыздар «балаларға асханаларда тамақты дұрыс бермейді» деп түсті. Соның бәрін біз осы Көкшетауда бірнеше бөлімге бөліп, осы қаланың мектептерін тексеріп шықтық. Соның арқасында білім басқармасы келіп, отчетін жасап, қазір байқап отырмыз, өзгеріс көбейді.
Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары:
- Бізде бірнеше жыл болды аймақтағы бюджетке көптеген ақша түсіп жатыр. Бізде салық реформасы жүргізілді. Жергілікті жерлерге салықтың 7 түрі берілді. Сол салықтар арқылы қомақты қаржы келеді аймаққа. Сол аймақтағы қаржы қайда жұмсалып жатыр, ол ақшаға не салынып жатыр. Міне, соған бақылау керек. Ол бақылауды жүргізетін қоғамдық ұйымдар.