Қызылордада ҚХА 30 жылдығына арналған форум өтті

Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында «Сыр елі – достық мекені» атты республикалық форум өтті.

Жиынға елдің әр өңірінен келген ұлт өкілі қатысты. Форумда өңірлік университет бірінің жанынан «Студенттік Ассамблея» орталығы ашылды. Ал пленарлық отырыста биыл «Достық үйінің» жаңа ғимараты пайдалануға берілетіні айтылды. Сонымен қатар жастар «Таза Қазақстан» акциясына атсалысып, ботаникалық баққа ағаш көшетін екті. Байқоңыр ғарыш айлағында зымыран ұшырылымын тамашалап, музейдегі Қазақстанның ғарыштық жетістіктері, тұңғыш ғарыш айлағының терең тарихы туралы деректерге қанықты.

Елена Пак, "Ассамблея жастары" РҚБ облыс бойынша төрағасы: 

- Түрлі бағыттар бойынша секциялық жұмыстар өтті. Бірінші тақырып Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде өтті. Қазіргі кезде қоғамдағы өзекті мәселе жасанды интелект тақырыбында болды. +Екінші секциялық жұмыс Болашақ университетінде жұмысшы мамандықтар жылына байланысты болды.