Ақтөбеде коммуналдық желілерді жаңартуға ₸1 млрд бөлінді
Ақтөбеде коммуналдық желілерді жаңартуға 1 миллиардтан астам теңге бөлініп отыр.
Қаражат инвестициялық бағдарламалар есебінен құйылады. Қазір шаһардағы су құбырларының жартысы, ал жылу желілерінің 60 пайызы тозған. Жоспар бойынша 12 шақырым су және 2 шақырымдай жылу құбыры жөнделеді. Сонымен қатар 7 шақырымға жуық кәріз желілері жаңартылады. Әбден ескірген құбырларды ауыстыру үшін жыл басында тариф қайта қаралып, су 19 пайызға қымбаттады.
Серік Нәби, коммуналдық кәсіпорын бас директорының бірінші орынбасары:
- Біріншіден, стратегиялық шикізат пен материалдардың құнының өсуіне байланысты индексация жасау, сонымен қатар электр қуатының қымбаттауына байланысты. Электр қуаты стратегиялық тауар болып табылады. Сонымен қатар кәсіпорынның шығындарының жалпы көлемі 25 пайызды құрайды. Соған байланысты біздің кәсіпорынымыз аталған ұсыныспен табиғи монополиялар департаментіне шығып, тариф бекітілді.