Астана әуежайында «Taxi Point» такси шақыру терминалдары орнатылды

Астана халықаралық әуежайында (("Taxi Point")) Такси Поинт терминалдары орнатылды.

Енді елге сапарлап келген шетелдік жолаушылар құрылғының көмегімен такси шақырып, діттеген жеріне жете алады.  Қалалық әкімдік, (("Аstana tourism")) АСТАНА ТУРИЗМ орталығы мен жеке инвестордың бірлескен бастамасы тиімділігін көрсетсе, туристер аялдайтын өзге де орындарға орнатылуы мүмкін.

Әуежайда «Taxi Point» такси шақыру терминалдары орнатылды

«Taxi point» такси шақыру терминалдары әуежайдың бірінші қабатында орналасқан. Өзге елден ұшып келген жолаушы алысқа ұзамай, осы жерден қаланың кез келген аймағына такси шақыра алады. Құрылғы 7 тілде қызмет көрсетеді. Жоба авторлары осылайша, елімізге келетін туристерге барынша жайлы жағдай жасауды көздеген. 

Артем Квашук, «Astana Tourism» Туризмді дамыту орталығының басқарма төрағасы:

- «Taxi point»  жүйесі қазақ, орыс, ағылшын, испан, француз, түрік және қытай тілдерінде қолжетімді. Жоба толықтай жеке инвестордың қаражатына жүзеге асырылды. Бас қалаға жолаушылап келген әрбір турист қалауына қарай эконом не комфорт санатын таңдай отырып, діттеген жеріне алаңсыз жете алады.

Базарбек Қамысбаев, "Astana Tourism" туризмді дамыту орталығы департаментінің директоры:

- Турист белгілі бір елге барған кезде ол алдымен әуежайға барады. Әуежай ол туристердің қала туралы алғашқы әсерін беретін орын. Сондықтан біз өзімізді олардың орнына қойып көріп, оларға қандай комфорт керек, қандай сервис керек деп ойластырдық.

Ал жолақысы банк карталары арқылы онлайн рәсімделеді. Тапсырысыңыз қабылданғаннан кейін таксидің келу уақыты, көлік маркасы мен жүргізушінің байланыс нөмірі экранға шығарылады.

Ольга Забродина, турист:

- Мен Омбыдан ұшып келдім. Қолымда қазақстандық sim-карта болмады. Бірақ мынадай терминалдар арқылы өзіме қажет мекен-жайды тауып алып, такси шақырдым. Өте ыңғайлы екен.

Ең бастысы бұл жоба қаланың туристік жағдайын жақсартады, дейді мамандар. Ел бойынша мұндай сервис әзірге Астана әуежайында ғана бар. Қалалық әкімдік, "Аstana tourism" орталығы мен жеке инвестордың бірлескен бастамасы тиімділігін көрсетсе, туристер аялдайтын өзге де орындарға енгізілуі мүмкін.

Назерке Тоқжан, Арман Ақшабаев