Созақ ауданындағы су қоймаларына 1,3 млрд текше метр су келді

Түркістан облысының Созақ ауданындағы су қоймалары кейінгі 5 жылда алғаш рет 1 млрд 380 млн текше метр суға толды, деп хабарлайды 24kz.

Бұл былтырғымен салыстырғанда 300 млн текше метрге көп. Келген суды тиімді жарату үшін Тасөткел су қоймасы жөнделіп, сыйымдылығы 450 млн-нан 620 млн текше метрге ұлғайтылған. Шілде айында Фурманов каналын тазарту және жөндеу жұмыстары басталады. Су ресурстары және ирригация министрлігі Шу өзенінің суын Созаққа бағыттау үшін Радай өзегінде арнайы қондырғы орнатуды жоспарлап отыр.

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

- Біздің негізгі мақсатымыз – осы Созақ ауданына Шу өзені бойынша суды жеткізу. Енді салыстырмалы түрде айтсақ, мысалы биылғы жылдың өзінде Тасөткел су қоймасынан 1млрд 300 млн-нан астам су тастадық. Бүгінгі күні сол Созақ ауданға келді. Былтырғы жылмен салыстырғанда 1ай бұрын келіп отыр. Енді біздің мақсатымыз осы су тұрақты түрде беру.