СҚО-да егін егу науқаны басталды

Солтүстік Қазақстан облысы егістік науқанын бастады, деп хабарлайды 24kz.

Диқандар қазір ылғал жабу жұмыстарына кірісіп кетті. Биыл өңірде 4,4 млн гектар жерге дәнді дақыл егіледі. 

Егін шаруашылығын әртараптандыру үшін майлы дақылдар алқабы ұлғайған. Агроқұрылымдар тұқым қорымен толық қамтылды. Сонымен қатар шаруаларға арзан бағада 52 мың тонна дизель берілді. Техникалар да дайын. Ауыл шаруашылығы басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, көктемгі дала жұмыстарына 12 мың трактор шығады. Фермерлерге жеңілдетілген несие де қарастырылған.

Дәурен Тоққожынов, Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Қаржы институттары арқылы 413 өтініш мақұлданып, 61 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржы көктемгі дала жұмыстарына жұмсалады. Сонымен қатар егін шаруашылығына 36,8 млрд теңге үлестірілді.