Қызылордадағы ыстық сумен жабдықтау жұмыстарына ₸5 млрд бөлінді

Қызылорда қаласын ыстық сумен жабдықтау жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет резервінен 5 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды 24kz.

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қызылорда елдегі орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі жоқ жалғыз облыс орталығы.

Шаһардағы көп қабатты үйлер электр немесе газ жылыту құрылғылары арқылы ыстық сумен қамтылған. Бұл өз кезегінде төтенше жағдайларға әкелуі мүмкін. Мемлекет басшысы 2023 жылы өңірге жұмыс сапарымен барып, аталған мәселені 2025 жылдың соңына дейін шешуді тапсырған еді. Жалпы құны 26,2 млрд теңгені құрайтын тиісті жобаны 2 кезең бойынша жүзеге асыру жоспарланған. Былтыр 187 тұрғын үйді су жүйесімен қамту жұмысы басталса, биыл 236 тұрғын үй су жүйесіне қосылады.