Сібір таутекелерінің айқасы видеоға түсіп қалды

Шарын шатқалында таутекелердің айқасы видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды 24kz.

Екі текенің бір-біріне айбат шегіп, сүзіскен сәтін аңғаруға болады. Сібір таутекелері Қазақстанның тау жоталарын мекендейтін әрі ерекше қорғауға алынған сүтқоректі жануарлар тобына жатады.