Елімізде букмекерлік кеңселерді жарнамалау ережелері қатаңдайды
Бұдан былай ел азаматтарының ұялы байланыстарына құмар ойындарының жарнамасын таратуға тыйым салынады, деп хабарлайды 24kz.
Сондай-ақ онлайн-платформаларда букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға талап күшейді. Мұндай жарнамаларды тек ойын аумағында және осы компаниялардың ресми сайттарында ғана орналастыруға мүмкіндік бар. Бүгін Сенат «Жарнама туралы» заңға енгізілген түзетулерді мақұлдады. Сонымен қатар, шартты түрде сотталғандар енді құмар ойындарына қатыса алмайды. Елде ойынының құрығына іліккен 20 мыңнан асатам лудоман бар.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Лудоманиямен күресті арттыруға бағытталған нормалар да қарастырылып отыр. Бұл бағытта букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалау талаптары күшейтілді. Сондай-ақ құмар ойындарына қатысуға тыйым салынатын азаматтардың тізбесі кеңейтілді. Жалпы мақұлданған заң отандық медицинаны дамытуға, сондай-ақ лудоманияға қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыруға оң септігін тигізеді деп сенеміз.