Қаржылық қауіпсіздік бойынша ұлттық Олимпиада өтеді
Жастар арасында қаржылық қауіпсіздік бойынша ауқымды акция басталды.
Қаржылық мониторинг агенттігі сәуір айынан бастап еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінде студенттерге қаржы пирамидаларынан қорғануға қатысты дәріс оқып жатыр. Бүгінге дейін 200-ден астам оқу ошағы қамтылды. Оған 100 мыңнан аса адам қатысты. Сонымен қатар қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық Олимпиада өткізіледі. Оған "Құқықтану", "Экономика", "Халықаралық қатынастар" және "Ақпараттық қауіпсіздік" бағыттары бойынша білім алатын 2-3 курс студенттері мен магистранттар қатыса алады. Олимпиада жеңімпаздары қыркүйек айында Ресейде өтетін Халықаралық қаржылық қауіпсіздік Олимпиадасында ел намысын қорғайды.