Аудан мен облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бес жылдық жоспары бекітілмек

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев

15 маусымға дейін барлық аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бес жылдық жоспарын бекітуді тапсырды. Ал 15 мамырға дейін ауылдық жобаларды бағалау әдістемесін әзірлеуді аяқтау қажет. Бұл туралы ол өңірлерді дамыту мәселелері жөніндегі жобалық кеңсенің отырысында мәлімдеді. Жаңа әдіс ауылдарға қандай жобалардың  пайда әкелетінін анықтауға септігін тигізеді. Инфрақұрылым, демография, жұмыспен қамтумен қатар табысты тәжірибелерді ел бойынша кеңінен енгізуге мүмкіндік береді. Мәселен, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 220 ауылдық елді мекенде скрининг жүргізілді. Мамыр айының соңына дейін сегіз өңірде пилоттық 10 шағын өнеркәсіптік аймақ іске қосылмақ.