Биыл шаруаларға 400 мың тоннадан астам арзандатылған дизель отыны бөлінді

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын 3,7 млн гектар жерге егу жоспарланып отыр, деп хабарлайды 24kz.

Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 413 мың гектарға артық. Еліміздің Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков осылай дейді. Одан бөлек, Көлік министрлігі егіс науқанына 401 мың тонна арзандатылған дизель отынын бөлді. Яғни, операторлардың шығынын есептей отырып, шаруалар үшін түпкілікті баға 254 теңге болады. Бұл нарықтан 15%-ке арзан.

Ербол Тасжүреков, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мәселесіне келетін болсақ, биыл 1,9 млн тонна көлемінде тыңайтқыштар енгізіледі. Бұл ғылыми қажеттіліктің 59%-ін құрайды. Қазір келісімшарт жасау және тыңайтқыштарды қөнелту жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 610 мың тоннаға келісімшарт жасалды. Оның 350 мың тоннасы жөнелтілді. Өткен жылмен салыстыратын болсақ, өткен жылы осындай уақытта 210 мың тоннаны құрайды.