Алдағы үш жылда 4 ЖЭО салынады

2028 жылға дейін елде 4 жылу электр орталығы салынады, деп хабарлайды 24KZ. Жаңа нысандар Семей, Өскемен, Көкшетау және Қызылорда қалаларында бой көтермек.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, республика бойынша жылыту маусымында ақау болған жоқ. Былтыр 10 энергоблок, 55 қазандық және 45 турбина күрделі жөндеуден өткен. Жалпы еліміз тәуелсіздік алғалы бері бірде-бір жылу электр орталығы салынбаған. «Сондықтан жаңа энергетикалық нысандар салаға оң серпін береді», – дейді мамандар.