Терроризмді насихаттаған 34 адам сотталды

«Жыл басынан бері терроизмді насихаттағаны үшін 34 адам сотталды. Олардың екеуі шетелдік. Барлығы радикалды идеяларды дәріптеп, діни алауыздықты қоздырған. Лаңкестік және экстермистік ұйымдар құрып немесе қызметіне ат салысқаны анықталды», – дейді Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Сотталғандардың бірі – Ақтөбе облысының тұрғыны. Ол шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысуға үгіттеп, теріс ағымдағы топтарға қосылуды көздеген. Тінту кезінде одан қару-жарақ пен оқ-дәрілердің арсеналы, екі автомат, сегіз тапанша мен мылтық және түтін бомбасы тәркіленді. Осындай жағдай Алматы облысында да тіркелген. Қаскелең тұрғыны радикалды идеяларды таратып қана қоймай, террористік ошақ құруға ұмтылған. Сондай-ақ қазір тағы 23 қатысушыға қатысты тергеу жүріп жатыр.