Жетісу облысында 9 спорт кешені салынады
Талдықорғанда көркем гимнастикаға арналған әмбебап кешеннің құрылысы басталды, деп хабарлайды 24kz.
Нысан қарашаның соңына дейін пайдалануға беріледі. Сол кезде 90 бала заман талабына сай жабдықталған залда жаттыға алады. Биыл Лепсі және Қабанбай ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру мекемелері бой көтереді. Ғимараттардың құрылысына жергілікті бюджеттен 1,3 миллиард теңге бөлініп отыр. Сонымен қатар Қарашоқы, Сарбастау, Алмалы, Талапты елді мекендерінде блокты-модульді кешен, ал Кәлпеде демеушілер есебінен үстел теннисі орталығы салынады. Жалпы Жетісу облысы құрылғалы аймақта жиырмадан аса спорт нысаны ел игілігіне берілді.
Еркебұлан Дуанаев, Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары:
- Жетісу облысында бұқаралық спортпен айналысу көрсеткіші 42%-ті құрайды. Аталған құрылыстар аяқталған мезетте облыстың қойып отырған міндеті 43%-тен асуымыз керек.