«QazaqGaz» қызметкерлердің қауіпсіздігін бірінші орынға қояды
«QazaqGaz» ұлттық компаниясы ұжымдағы әр қызметкердің қауіпсіздігін бірінші орынға қояды, деп хабарлайды 24kz.
Алматыда компанияғы тиесілі «QazaqGaz Onimderi» өндірістік филиалында арнайы акция өтті. Жұмысшыларға конверсия құрылғысы арқылы көлікпен соқтығысудың салдары көрсетіліп, қауіпсіздік белбеуін тағудың маңызды екені айтылды.
«QazaqGaz» компаниясы үнемі қызметкерлердің білім-білігін жетілдіретін дәрістер мен оқу-жаттығуларды өткізіп тұрады. Бұл жолы ұжымға конверсия құрылғысы арқылы қауіпсіздік белбеуін тақпай, сақтыққа салғырт қараудың зардабы көрсетілді.
Жанар Мұхамбетжанова, «QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістік филиалының өкілі:
- «Qazaqgaz Aimaq» акционерлік қоғамының Алматы өндірістік филиалының қызметкерлері белсенді қатысты. Бұл шара бойынша біздер соқтығысу кезіндегі көлікпен қауіпсіздік шараларын және де ондағы белдіктерді пайдаланудағы маңыздылығын анықтадық.
Мысалы, 80 км/сағат жылдамдық кезінде жолаушының салмағы да 80 есе ұлғаяды. Сол сияқты аздаған жылдамдықта болған соқтығысудың зардабы ауыр болуы мүмкін. «Егер көліктегі әр адам қауіпсіздік белбеуін тақса, онда жол-көлік апатынан болатын зардапты 50%-ке азайтуға болар еді», - дейді компания өкілдері.
Ернұр Жасынбаев, «QazaqGaz Onimderi» ЖШС алматы өндірістік филиалы директорының орынбасары:
- Мысалы, бетпе-бет соғылғанда, немесе кенеттен тоқтаған кездерде осы қауіпсіздік белбеуін таққан болса, онда апаттық зардаптарды сіз 2 есеге азайтқан болар едіңіз. Ал енді автокөлік төңкерілген жағдайда өлім қаупі немесе ауыр зардаптар қаупі 5 есеге дейін төмендеген болар еді. Сондықтан қауіпсіздік белбеуінің маңызы зор. Бұған бүгінгі күні біздің «QazaqGaz» басшылығы өте қатты көңіл бөліп отыр. Біздің іс-шараларымыз да осыған байланысты.
Қаупісздік ациясы «QazaqGaz-ға» қарасты барлық еншілес компанияларды қамтып, алдағы уақатты Тараз қаласында жалғасады.
Авторлары: А.Садуақас, Э.Кон