Қосшы қаласында жаңа кітапхана ашылды
Рухани орталық қоғамдық мәдени-спорт кешенінің ғимаратында орналасқан. Қызметкерлердің айтуынша жылына 25 мың оқырман қалаған әдебиетін осы жерден табады.
Кітапхананадаға кітап қоры 20 мыңға жуықтайды. Балаларға, жастарға, ересектерге арналған сан саладағы әдебиеттер қосшылықтар үшін қолжетімді.
Оқырмандар үшін қызмет ететін орталықтың кітап қоры 20 мыңға жуықтайды. Оның ішінде 6 мыңы балалар әдебиеті, қалғаны қазақ және шетел авторларының туындысы. Кітап сүйер қауымға арнайы көрмелер мен іс шаралар да ұйымдастырылады дейді кітапхана қызметкері.
Алтын Серікбайқызы, кітапханашы:
- Кітапханаға келетін оқырмандар легі өте көп. Ол түрлі жас ерекшеліктерді құрайды. Балалар, оқушылар қвладан келіп қолданатын оқырмандарымыз да бар. Оқырмандар көбінесе психологиялық, мотивациялық кітаптардың аудармасын сұрайды. Қазақ тіліндегі аудармасын. Ол кітаптар бізде бар. Осы жаңадан келген кітаптардың тізімімен келген. Сол кітаптарды оқырмандарымыз қолданып, пайдаланып жүр.
Жаңа кітапханаға келушілердің қарасы қазірдің өзінде көп. Жаңа орталықтың ашылғанын ести сала, Астанадан арнайы келгендер де бар. Ұлжан мен оның досы кітапхананы алғаш рет желідегі бейнеден көріпті.
Ұлжан Тамызғазина, студент:
- Негізі ғаламторда өте көп бейнешолуларды көрдім. Осы кітапхана жайлы. Және тек кітапхана деп ойлаған болатынмын. Бірақ бұл үлкен комплекс екен. Және досым екеуміз осы жерге бейнешолу түсірдік. Және де сабақтарымыз қарауға келдік арнайы Астана қаласынан.
Бүгінде кітапхана үй тірлігінен босай қоймайтын аналардың да қолын ұзартты. Өйткені алысқа бармайды. Кішкентайларға да, үй тіршілігі мен бала тәрбиесі арасындағы аздаған уақыты бар ата анаға да қолайлы рухани демалыс орны. Алтын құрсақты ана Аягөз де осы кітапханаға келген.
Аягөз Ердаулетқызы, Қосшы қаласының тұрғыны:
- Балаларға арналған кітапты бір шолып шықтым. Өйткені мен балаларға кітап алғанды өте жақсы көрем. Осы уақытқа дейін мен сатып алған болатынмын. Ал бұл жерден сен уже үйге алып кете алады екенсің. Оқуға. Өте қызықты кітаптар көрдім. Менде жеті бала бар. Мен барлық баламды алып келемін деп шештім. Әр баланың өзінің таңдауына қарай мұрша беремін. Ұнағанын үйге алып кетеміз де. Соны оқып біз талқылаймыз.
Қосшылықтар үшін қызмет ететін ғимаратта кітапханадан бөлек, спорт, робототехника және өнер үйірмелері бар. Бұл рухани орталық тек кітап оқуға арналған орын ғана емес, тұрғындардың білімін жетілдіретін, шығармашылықпен айналысатын заманауи кеңістік іспетті.
Авторлары: Сержан Айтжан, Руслан Алиев