Олжас Бектенов орман өртіне кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды

Абай және Павлодар облыстарында орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері өртке қарсы шұғыл қимылдауы былай тұрсын, тиісті министрліктерге өрттің шыққаны туралы уақытылы хабар бермеген.

Үкімет отырысында Премьер-министр осылай деп кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды. Олжас Бектенов төтенше жағдай кезінде тиісті алгоритмнің орындалмағанын айтты. Сондықтан әкімдіктерге өрт сөндіру кезінде жедел әрекет етіп, өзара іс-қимыл бойынша жаңа алгоритм енгізуді тапсырды. Бұдан бөлек, Үкімет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне өртті ерте анықтау жүйелерімен қамту ауқымын ұлғайту мен мекемелерді жарақтандыруды жалғастыру міндетін жүктеді.