Өрт қаупі жоғары кезеңде орманда демалуға тыйым салынады
Енді өрт қаупі жоғары кезеңде орман алқаптарында демалуға тыйым салынады.
Премьер-министр Олжас Бектенов Ішкі істер министрлігіне тиісті шара қабылдауды тапсырды. «Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғандардың барлығын жауапкершілікке тарту қажет», - деді. Сондай-ақ өзге де жауапты ведомстволарға халықты өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша ақпараттандыру мәселесін қолға алуды жүктеді.