Зайсан ауданындағы дала өрті оқшауланды
Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданындағы дала өрті оқшауланды. Мыңдаған гектар жердегі қамыс өртеніп кетті.
«Айналасы батпақ болғандықтан, өрт ошағына жету қиын болды», - дейді өрт сөндірушілер. Өртті сөндіруге тікұшақ тартылды. Жақын маңда елдімекендер жоқ. Сондықтан, тілсіз жаудан ешкім зардап шеккен жоқ. Өңірде соңғы үш күнде 150 дала өрті тіркелді. Өрт ошақтары тәулік бойы әуеден бақылануда. Зайсан ауданындағы ірі өрттің шығу себебі анықталып жатыр.