Абай облысындағы дала өрті толық сөндірілді

Абай облысы Приречный ауылында шыққан дала өрті толық оқшауланды, деп хабарлайды 24KZ. Қазір елді мекен тұрғындарына қауіп жоқ. Төрт күн бойы жалын шарпыған өрт 1 гектар аумақты қамтыған.

Кеше эвакуацияланған тұрғындар үйлеріне оралды. Төтенше жағдай салдарынан аумағы 100 шаршы метр екі қора мен 43 тонна шөп жанып кеткен. Сондай-ақ бір тұрғын үйдің шатыры отқа оранған. «Приречный» агрофирмасының басшылығы зардап шеккен тұрғындарға келген шығынды толық өтейтінін мәлімдеді. Қазір шамамен 300 шаршы метр жерде шемішке қабығы әлі де бықсып жатыр.

Елдос Санатов, ТЖД өрт бойынша штаб бастығы:

- Ешқандай жану жоқ. Абай облысы ТЖД жұмыс атқарып жатыр. Қазір территорияның ішінде 300 шаршы метр жерде өрттің жануы бар. Біздің жеке күштеріміз жұмыс атқарып жатыр.

Жұмағазы Құмаров, «Агрофирма Приречное» ЖШС директорының орынбасары:

- Мұның барлығы енді забормен қоршалған. Бетонный заборлармен қоршалған. Енді көмек жағдайы болады енді. Қандай көмек керек болса көрсетеміз. Бұл өртті енді біз әдейі істегеніміз жоқ қой. Бұл енді аяқ астынан болатын дүние ғой. 11-і шығып өшірілді. Шелуха деген жана беретін дүние екен ғой.