Павлодарлық оқушылар «Атам менің мақтанышым» челленджіне қатысты

«Атам менің мақтанышым». Осындай атаумен павлодарлық оқушылар арасында патриоттық челлендж өтіп жатыр. Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ұрпақтары аталарының ерлігі туралы әңгімелеп, тарихи оқиғаларын бөліседі. Соғыста жазған хаттары мен алған марапаттарын көрсетеді.

Аққулы ауданынан соғысқа 4 мыңнан аса адам атанды. Олардың жартысына жуығы елге аман–есен оралды. Тілеуқабыл Жұматай ұзақ жыл ішкі істер саласында еңбек етті. Патриоттық акцияға шөбересі ардагердің кителін киіп келді.

Арлан Жұматай, оқушы:

- Менің атам Тілеуқабыл Жұматай 1919 жылы дүниеге келген. 1941 жылы соғысқа аттанды. Сталинград, Украина, Беларусь фронттарына қатысты. Менің атам екінші дәрежелі ҰОС орденімен және Сталинградты қорғағаны үшін, Германияны жеңгені үшін жауынгерлік ерлігі үшін және Сталиннің алғыс хатымен марапатталған. Мен атамды мақтан етемін.