Елде 4831 гектар орманды өрт шалды

Жыл басынан бері 32 орманды өрт шалып, 181 аумақта от шыққан.

Жалын бас-аяғы 5 мыңға жуық гектар жерді шарпыған. Бұл жайлы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қызыл жалынның алдын алу мақсатында осы айда алқаптар мен демалыс орындарында 335 рейд өтті. Нәтижесінде ретсіз от жағып, қоршаған ортаға қауіп төндірген 107 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

32 орман - 4 831 га.

335 рейд - 107 адам.