ШҚО-да интернет-алаяқтардан зардап шеккендерге ₸62 млн қайтарылады
Шығыс Қазақстан облысының киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы үш мыңнан аса күдікті сайтты бұғаттаған, деп хабарлайды 24kz.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың екі жүзге жуық дереген анықтады. Тергеу барысында Қазақстан, Ресей және Украина азаматтары ұсталды. Олардың алаяқтық әрекетінен тұрғындар жүздеген миллион теңге шығынға батқан. Тәртіп сақшылары тұрғындарға ақпараттың анық-қанығын тексеріп, жеке мәліметті бейтаныс адамға жарияламау керегін ескертеді.
Бекжан Малғаждаров, облыстық ПД Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары:
- Соңғы үш айда шығын көлемі 62 миллион теңгеден асатын 30-дан астам алаяқтықтың бетін аштық. Қаражат сот тергеуі барысында қайтарылады. Бұл Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін аз ақша емес. Алаяқтардың құрығына көбіне ересектер түсіп қалады.