Қостанайда ҚХА мүшелері мерейтойлық медальмен марапатталды
Биыл Қостанайда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай халықаралық фестиваль өтпек, деп хабарлайды 24kz.
Шараға ел өңірлерінен тыс, алыс-жақын шет мемлекеттерден делегациялар келеді. Бұл туралы Қостанай облыстық Қазақстан халық Ассамблеясының кеңесінің отырысында айтылды. Өңір басшысы өз сөзінде экономикалық-әлеуметтік міндеттерге тоқталып өтті. Металлургия, машина жасау саласында облыста бірнеше жоба қолға алынған. Электр энергиясымен, газбен қамтуда да көзделген жоспар көп. Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысының Батыс пен Орталықты байланыстыратын автожол салу туралы тапсырмасы өңірдің дамуына жаңа серпін бермек.
Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі:
- Өзіміздің облысымыздағы үш негізгі бағытта стратегиялық бағытта өсімді қамтамасыз ету үшін жұмысты жасап жатырмыз. Ол жаңағы металлургия бағыты, машина құрастыру саласы жәнеде ауыл шаруашылығы саласындағы өнімді қайта өңдеу орталығы деп жатырмыз. Енді төртінші бағыт ашылып жатқан, ол – логистикалық орталық. Жаңағы бүкіл жолдар Қостанай облысы арқылы өтеді.