Биыл 6 мың жол көлік оқиғасы тіркелді

Аяқ артар көліктің көптігі жақсы. Бірақ қауіп те бар.

Былтыр 32 мыңнан аса жол көлік оқиғасы тіркеліп, 41 мың жан жарақаттанды. 2,5 мың адам жол бойында жан тапсырды. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Биыл да көрсеткіш көңіл көншітпейді. Үш айдың ішінде 6 мыңнан астам апат болған. Салдарынан 355 қазақстандық опат болып, 9 мыңы зардап шекті. Жиі соқтығыстар Алматыда көп. Жыл басынан бері шаһарда 1501 жол көлік оқиғасы тіркелді. Ал тәртіпті жүргізушілердің дені Ұлытау облысында тұрады. Биыл мұнда небәрі 37 жол апаты болған. 

2023:

Жол көлік оқиғасы - 31 597

Қайтыс болды - 2 579

Жарақаттанды - 40 873 адам

2024:

Жол көлік оқиғасы - 6 251 мың

Қайтыс болды - 355 адам

Жарақаттанды - 8 635 адам